КОЛЛОИДТЫҚ ҚАТАЙТУ ҚҰРЫЛЫМЫ БАР ӨЗІН-ӨЗІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕТІН БЕТОНДАР – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӨЗІМДІ АВТОЖОЛДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.71031/qhsi.2025.v1.i3.002Кілт сөздер:
автомобиль жолдары, іргелі зерттеулер, экологиялық белитті цементтер, коллоидтық құрылымдар, тиксотропия және реопексия, төзімділікАңдатпа
Мақалада белитті жол цементі негізінде салынған бетоннан жасалған автомобиль жолдарының ұзақ мерзімді мониторингімен қатар, іргелі лазерлік және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Экологиялық таза белитті цемент өндіру үшін кен және көмір өңдеуден алынған ірі тоннажды техногендік минералды қалдықтар (ТМҚ) – шлактар мен күлдер қолданылады. Оларды оңтайлы механо-химиялық белсендіру кезінде ерекше байланыстырғыш қасиеттер байқалады. Жиналған 60 млрд тоннадан астам ТМҚ-ны кәдеге жарату Қазақстанның «Жасыл экономика» тұжырымдамасы аясында орнықты дамудың стратегиялық бағыты болып табылады.
Құрамында 80 % - ға дейін екікальцийлі силикат (C₂S) бар белитті цементтер жол жабындарының 50 жылдан астам қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді. Лазерлік зерттеулер кальций гидросиликаттарының (C–S–H) коллоидтық құрылымын анықтады, ол көлік және температуралық жүктемелер әсерінен бетонның өзін-өзі қалпына келтіруі мен қатайуын қамтамасыз етеді. Практикалық бақылаулар мұндай бетондардың ондаған жылдар бойы беріктігін арттыратынын дәлелдейді. Ғылыми жаңалық В. Михаэлис ұсынған 180 жыл бұрынғы коллоидтық қатайту теориясын тәжірибелік тұрғыдан растауда.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Әдебиеттер тізімі
1.Радовский Б. С. Концепция вечных дорожных одежд. Дорожная техника. – 2011. – С. 120–132.
2.Асматулаев Б.А. Монография «Строительство дорожных одежд с повторным использованием материалов реконструируемых дорог». Алматы: Эверо, 1999. – 212 с.
3.Асматулаев Б.А. и др. Монография «Нанотехнологии XXI века для долговечных автомобильных дорог Казахстана». Алматы: ТОО «Бук эксперт Казахстан», 2024.-348с.
4.Асматулаев Б.А. и др. Укатанный бетон на шлаковом вяжущем. Жур.Автомобильные дороги, №9, 1993, с.18-20.
5.Асматулаев Б.А. Прочность шлаковых оснований при ранней эксплуатации. Жур.Автомобильные дороги, М.1984, №1, с.17-18.
6.Асматулаев Б.А., Асматулаев Р.Б. и др. Применение наноструктурированных шлакоминеральных бетонов. Промышленный транспорт Казахстана, 2021, №2, с.30–34.
7.Тейлор Х.Ф. Химия цемента. М.: Стройиздат, 1969. – С. 17–18. 7. Абланов Б.Ф., Белоусов Б.В., Асматулаев Б.А. Кинетика твердения фосфоршлаковых вяжущих. Труды КазПТИ, Т.13, 1978, с. 69–75.
8.Асматулаев Б.А. и др. Перспективы наномодифицированного бетона. Труды МАДИ, 2020, с. 75–88.
9.Asmatulayev B.A. Laser research on nanostructured concrete with colloidal structure for long term strengthening in highway operation. 1st edition of strenuous world congress on laser-science, optics & photonics. P.16-17 Apr.2024, London, UK.
10.Асматулаев Б А и др. Патенты Республики Казахстан: —«Самовосстанавливающийся дорожный бетон», Инновационный патент KZ (13) A4 (11) №29852 МЮ от 15.05.2015, бюл. №5. С.4. — Способ строительства дороги с использованием фрезерованного асфальтового гранулята (Варианты)№4871 от 21.04.2020, бюл. №4 - «Наноструктурированный колееустойчивый асфальтобетон и наноструктурирующий минеральный порошок» KZ (13) U (11) №6701 от 10.12.2021, бюл. №49.




