Редакциялық саясат
«Qazaq Highway Science and Innovation» – ашық қолжетімді рецензияланатын электрондық ғылыми журнал, 2024 жылғы 26 сәуірде тіркелген (куәлік № KZ25VPY00119665), ISSN (Online): 3105-7160.
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Жиілігі: тоқсан сайын (жылына 4 шығарылым)
Құрылтайшы және баспагер: «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы, Астана қ., Қазақстан Республикасы
Таралу аумағы: Интернет желісі арқылы
Қолжазба түрлері: ғылыми мақалалар, шолу мақалалары, ғылыми-практикалық жарияланымдар
DOI тіркеу агенттігі: Crossref
Қамту саласы (тақырыптық бағыттар)
Журнал келесі бағыттар бойынша материалдарды жариялайды:
- автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және күтіп ұстау;
- көлік инфрақұрылымының жасанды құрылыстары;
- жол конструкцияларын диагностикалау және сапасын бақылау;
- жол және құрылыс материалдары, оның ішінде модификацияланған және қайталама ресурстар;
- топырақтар мен негіздерді нығайту технологиялары;
- интеллектуалды көлік жүйелері (ITS);
- жол саласындағы цифрландыру және ақпараттық технологиялар;
- жол қозғалысының қауіпсіздігі.
Мақсаты
Журнал жол саласындағы өзекті мәселелерді жариялау мен талқылауға, инновациялық технологиялар, материалдар мен инженерлік шешімдерді әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ ұлттық және халықаралық ғылыми қоғамдастықта ғылыми білімді таратуға арналған ғылыми платформа болып табылады.
Редакциялық алқа құрамына Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары кіреді. Редакциялық саясат ғылыми жарияланымдардың сапасын, ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Журнал жарияланым этикасының қағидаттарын ұстанады және халықаралық ғылыми дерекқорларда өз орнын нығайтуға ұмтылады.
Қолжазбаларды жариялау шарттары
Ғылыми адалдық пен жарияланым сапасын қамтамасыз ету үшін авторлар келесі талаптарды сақтауы тиіс:
- мақалалар журналдың тақырыбы мен мақсатына сәйкес болуы тиіс;
- материалдар жаңалығы мен практикалық маңызы бар түпнұсқа ғылыми нәтижелерді қамтуы тиіс;
- барлық пайдаланылған дереккөздерге дұрыс сілтемелер берілуі қажет;
- авторлар ұсынылған жұмыстың түпнұсқа екенін, бұрын жарияланбағанын және басқа басылымдарға ұсынылмағанын кепілдейді;
- авторлық құқыққа қатысты барлық мәселелер реттелуі тиіс;
- зерттеу әдістемесі нәтижелерді қайта өндіруге мүмкіндік беретін деңгейде сипатталуы тиіс;
- мақала қабылданғаннан кейін авторлар құрамын өзгертуге жол берілмейді (жарияланым этикасы бұзылған жағдайларды қоспағанда).
Жасанды интеллект құралдарын (соның ішінде ChatGPT) пайдаланған жағдайда, авторлар бұл туралы «Материалдар мен әдістер» бөлімінде көрсетуі және мақала мазмұны үшін толық жауапкершілік алады.
Рецензиялау түрі мен рәсімі
Барлық келіп түскен қолжазбалар міндетті түрде біржақты соқыр рецензиялаудан (single-blind peer review) өтеді.
Рецензиялау ғылыми жаңалықты, өзектілікті, әдіснамалық дұрыстықты және практикалық маңыздылықты бағалауға бағытталған.
Ашық қолжетімділік және архивтеу саясаты
Журнал ресми сайтында жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік ұсынады. Барлық шығарылымдар архивтеледі және оқуға қолжетімді. Жарияланымдардың ұзақ мерзімді сақталуы қамтамасыз етіледі.
Жарияланым этикасы
Редакция халықаралық жарияланым этикасының стандарттарын ұстанады және плагиат, деректерді бұрмалау, қайталанған жарияланымдар сияқты теріс тәжірибелердің алдын алады.
Құпиялылық туралы мәлімдеме
Авторлардың жеке деректері тек редакциялық-баспалық процесс аясында пайдаланылады және үшінші тұлғаларға берілмейді.




