ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШҰҒЫЛ КОНТИНЕНТАЛДЫ КЛИМАТЫ ЖАҒДАЙЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖАБЫНДАРЫНЫҢ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОЗУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Authors

  • Takhmina Gabdulina Назарбаев Универитет Author
  • Sandybay Saken Назарбаев университет Author

DOI:

https://doi.org/10.71031/

Keywords:

автомобиль жолы, жол жабынының тозуы, шұғыл континенталды климат, далалық аспаптық бағалау, салқын ресайклинг, полимермен модификацияланған битум, геосинтетикалық материалдар

Abstract

Автомобиль жолдары мемлекет экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымының тірегі, алайда Қазақстанның шұғыл континенталды климаты жағдайында жол жабындары жобалық қызмет мерзіміне жетпей тозуға ұшырайды. Бұл зерттеудің мақсаты, температуралық, ылғалдық және көліктік факторлардың әсерінен туындайтын тозу түрлерін жүйелеу, Назарбаев Университеті аумағындағы жабындарды далалық аспаптық бағалау, және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, қайта жөндеудің тиімді стратегияларын негіздеу. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы отандық нормативтік база (ҚР СТ, МЕМСТ) мен халықаралық тәжірибені (AASHTO, PCI, IRI) үйлестіріп, жабынды диагностикалаудың және қалпына келтірудің кешенді тәсілін ұсынуында. Әдістеме 2022–2025 жылдардағы ғылыми еңбектерге салыстырмалы талдауды, далалық инструменталды бағалауды (нивелир, өлшеуіш аспаптар, 4 нысан) және арнайы тозу коэффициентін сандық есептеуді қамтиды. Солтүстік аймақта бойлық және көлденең жарықтар, оңтүстікте плиталардың қисаюы басым; НУ аумағының далалық бақылауы жарықтардың кең таралғанын, дөңгелек ойықтарының нормативтік шегінен аспайтынын (8,4 мм) растады. Қайта өңделген ПЭТ-пен модификацияланған битум (3% концентрация) жабынның жарыққа төзімділігін 42%-ға дейін арттырады. Алынған нәтижелер салқын ресайклинг, ПМБ және геосинтетиканы біріктіретін аймақтық бейімделген жөндеу шешімдеріне практикалық негіз береді.

Downloads

Download data is not yet available.

References

1. Teltayev B., Oliviero Rossi C., Aitbayev K., Suppes E., Yelshibayev A., Nugmanova A. Freezing and Thawing Processes of Highways in Kazakhstan // Applied Sciences. – 2022. – Vol. 12, № 23. – Art. 11938. https://doi.org/10.3390/app122311938

2. Шахмов Ж.А., Хафиз Қ. Анализ исследования состояния автомобильных дорог с учетом промерзания и оттаивания земляного полотна в климатических условиях Казахстана // Вестник КазАТК. – 2021. – Т. 119, № 4. – С. 7–13. https://doi.org/10.52167/1609-1817-2021-119-4-7-13

3. Sakanov D., Saginov Z., Mominova S., Ussenkulov Z., Kim Kwang Don. Behavioral characteristics of cement concrete pavement in South Kazakhstan: climatic changes and optimal construction method // Наука и техника. – 2022. – Т. 21, № 2. – С. 142–149.

4. Alibayeva A., Amirbayev Y., Mukhambetkaliyev K., Smagulova M., Zhumamuratov M. Enhancing sustainable pavement materials: assessing modifying additives in bitumen for improved environmental performance // E3S Web of Conferences. – 2025. – Vol. 614. – Art. 04012. https://doi.org/10.1051/e3sconf/202561404012

5. Teltayev B. Temperature and moisture monitoring in pavement and subgrade in Kazakhstan // Smart Geotechnics for Smart Societies. – London: CRC Press, 2023. – P. 92–101.

Downloads

Published

2026-06-30

How to Cite

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШҰҒЫЛ КОНТИНЕНТАЛДЫ КЛИМАТЫ ЖАҒДАЙЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖАБЫНДАРЫНЫҢ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОЗУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ЖӨНДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ СТРАТЕГИЯЛАРЫ. (2026). Qazaq Highway Science and Innovation, 1(2). https://doi.org/10.71031/

Similar Articles

1-10 of 36

You may also start an advanced similarity search for this article.